Пайғамбарымыз көздің қарашығындай сақтауды әмір еткен ол – намаз! Намаз жайында қалай көркем айтқан… Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ей, үмбетiм! Ей, сахабаларым! Кемшiлiксiз оқылған намаз – Аллаһу та’ала əмiр еткен ғибадаттардың ішіндегі ең абзалы, ең ұлысы! Пайғамбарлардың сүннетi. Перiштелердiң сүйгенi. Бiлiмнiң, жетi қабат көктiң нұры. Дененiң қуаты. Рызықтың берекетi. Дұғаның қабыл болуына себепшi. Əзiрейiлдiң құзырында шапағатшы. Қабiрде жарық. Мүнкəр-Нəкiрге берiлер жауап. Қияметте көлеңке. Тозақ отына қалқан. Сырат көпiрiнен найзағай секiлдi өтуiңе жəрдемшi. Жəннаттың кiлтi. Пейiште басыңа тəж. Аллаһу та’аланың иманды құлдарына берген ең ұлы сыйлық. Егер намаздан да абзал өзге бір ғибадат болғанда, Аллаһ иманды құлдарына алдымен соны бiлдiрер едi. Күллi перiште атаулының кейбірі қиямда, кейбірі рүкуде, кейбірі сəждеде, кейбірі де ташаһһудте. Мұның барлығын бiр-ақ рəкат намазға сыйғызып, мұсылмандарға сыйға тартты. Өйткенi, намаз – иманның басы, дiннiң тiрегі, Исламның нағыз өзi. Момынның миғражы. Көктiң нұры. Тозақтан құтқарушы», – дейді.
Ақылы бар адамның намаз оқуына осы сөздердің өзі жеткілікті емес пе?
